Атырау тасқын суға дайындалып жатыр. Тасқынның көлемі биыл былтырғыдан да ауқымды болады деген болжам бар.
Тасқын қаупі сейілмей тұр
603
оқылды

Атырау өңірінің тасқын алдындағы дайындығы өткен аптада Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төраға­лы­ғымен өткен селекторлық кеңесте де талқыланды. Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновтің хабар­лауын­ша, алдын ала бағалау бойынша, көк­темгі тасқын өткен жылдың сценарийін қай­талайды. Осыған байланысты бұ­рын салынған бөгеттерді қайта жаңарту және қалпына келтіру жүргізілуде.

«Жол инфрақұрылымын қалпына кел­тіру аясында Үкімет пен жергілікті бюд­жеттің резервтік қаражаты есебінен 30 шақырымға жуық жол жөнделді, төрт көпір қалпына келтірілді. Бұдан бас­­қа мал үшін 13 өткел салынды, ал бұ­­рын су тасқынымен жуылған 49 учас­ке­де су өткізу құбырлары орнатылды», – деп хабарлады облыс әкімі.

Қазір үлкен тасқын қаупі Қы­зыл­қоға, Индер, Жылыой, Махамбет ау­дан­дары мен Атырау қаласы маңындағы ауыл­дарға төніп тұр. 

Былтырғы тасқын кезінде бір емес, екі мәрте эвакуациялануға мәж­бүр болған Махамбет ауданы, Бей­барыс селолық округіне қарасты Тал­ды­көл ауылында тасқынға қарсы ша­ра­лар күшейтілген режимде жүріп жа­тыр. Бүгінде Талдыкөл ауылындағы жа­ғалауды қорғау бөгетінің жалпы ұзын­дығы 2,9 шақырымды құрайды. «Ка­линтул» жеке кәсіпорны желтоқ­сан­нан бастап 1,8 шақырым бөгеттерді ны­ғайтуға кірісіп кеткен болатын. 

Бүгінде 2 мың қап топырақ дайын­далды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жайық өзенінің маңында ж­ағалауды нығайту жұмыстары бел­сен­ді жүргізілуде, оған 10 адам және тоғыз техника жұмылдырылып отыр.

«2024 жылғы су тасқыны кезінде ауыл­дың сыртында екі тұрғын үй мен ба­лабақша ғимараты қалды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­са­тын­да бөгеттер қайта жаңартылды. Жайық өзенінің жағасында орналасқан екі же­ке тұрғын үйді мемлекет балансына беру жоспарлануда, өйткені олар бөгет салуға кедергі болып табылады. Жұ­мыс­ты 20 ақпанға дейін аяқтау жоспар­лану­да», – деді Бейбарыс ауылдық ок­ру­гінің әкімі Сейілбек Зұлқашев.

Сонымен қатар өткен жылғы көк­темгі су тасқыны кезінде бүлінген Ма­хам­бет ауданының Талдыкөл ауылына кір­ме жолды қалпына келтіру жұмыс­тары жүргізілуде. Жалпы, Махамбет ау­данында 105 шақырым бөгет салын­ды. Биыл 29,9 шақырым бөгет қосымша нығайтылуда, сонымен қатар тағы 12,4 шақырым жаңа бөгеттер салу жоспарда.

– Индер ауданында жалпы ұзын­ды­ғы 34,5 шақырым болатын тоғыз бөгетті қосымша нығайту жұмыстары жүр­гізілуде. Индер аудандық ТКШ, жо­лаушылар көлігі, автомобиль жол­дары және тұрғын үй инспекциясы бө­лімінің басшысы Шапағат Ғабба­сов­тың айтуынша, бүгінгі күні Индербор кентінде және Елтай ауылдық округінде бөгеттерді қайта жаңарту жұмыстары аяқ­талған. «Осындай жұмыстар Бөдене жә­не Ынтымақ ауылдарында жүргі­зілу­де. Жаға бекітуге 25 жұмысшы қатысып, 18 техника жұмылдырылды. Жарсуат, Өрлік, Есбол, Көктоғай, Құрылыс ауыл­дарында да осы жұмыстар жалға­сады, – деді Ш.Ғаббасов.

Сондай-ақ спикер респуб­ли­калық маңызы бар тасжол мен Индербор аудан орталығын жалғайтын 7 шақырым жол 90%-ға жөнделгенін атап өтті.

«Жолда малды айдау үшін төрт өт­кел болады, қосымша бір су құбыры са­лынады. Құрылыс жұмыстарын осы жыл­дың сәуір айында аяқтау жоспар­лану­да», – деді Индер аудандық ТКШ, жо­лау­шылар көлігі, автомобиль жол­дары және тұрғын үй инспекциясы бө­лімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Қадыржанұлының айтуынша, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында аудан бойынша 41 200 метр бөгетті нығайту жоспарланған. Оның 90 пайы­зы бүгінде аяқталған. Бұзылған екі көпір қалпына келтіріліп, жаңадан бір кө­пір салынды. Сонымен қатар «Са­ғыз-Миялы-Қарабау» тасжолында су­дың кедергісіз өтуі үшін 14 су өткізгіш орнатылды.

Тасқыннан былтыр қатты зардап шеккен Жылыой ауданында да жұмыстар жалғасуда. Қазір Жем өзені мен Құрсай каналының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аудан территориясында 29 шақырым бө­гет салынған. 

Өзен жағалауын бекітуден бөлек, тас­қын суды Каспий теңізіне қарай бұру бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр. Атырау облысында биыл Таулы және Гоголь каналдарында тереңдету жұмыстары аяқталады.

Атырау қаласының аумағында Жайық өзенінің бойында орналасқан 3 өзек, 6 өзек және Приморский канал­да­рында түбін тереңдету жұмыстары аяқ­талды. Зарослый каналында жұмыс жал­ғасуда. Аталған төрт каналдың жал­пы ұзындығы 50 шақырымды құрайды.

Атырау облысының Құрылыс, сәу­лет және қала құрылысы басқармасы бас­шысының орынбасары Талғат Би­сен­нің айтуынша, түп тереңдету жұ­мыс­тарының негізгі мақсаты – Жайық өзенінің «үлкен суды» өткізу қабілетін арттыру, әрі каналдардағы түп тереңдету жұмыстары   балықтың өзенге келуіне де әсер етеді. 

«Жайық өзенінің сағасын тереңдету жұмыстары өткен жылдың көктемінде басталды. Жоспар бойынша ұзындығы 10 шақырым және ені 20 метр учаске екі метрге дейін тереңдетілуі керек. Бү­­­­гінде көлемнің 70 пайызы орындал­ды. Ауа райына байланысты жұмыс уа­қытша тоқтатылды, мұз ерігеннен кейін де жалғасады. Қазір гогольский ка­налының 14,3 шақырым тереңдігі жүр­гізілді, оның жалпы ұзындығы 33 ша­қырым. Арнаның ені 18 метр, терең­дігі екі метр. Қалған жұмысты биыл аяқтаймыз», – деді Талғат Бисен. 

Қыс маусымы аяқталып, көктем жа­қындаған сайын қар еріп, өзен-көлдердің тасу қаупі арта түседі. Биыл да су тасқынының алдын алу ша­ра­ларына ерекше көңіл бөлініп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы