Комиссияны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.
Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды
Фото: primeminister.kz
235
оқылды

Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында шахтаның опырылуының себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. 

Комиссияны Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл бару тапсырылды.

Айта кетейік, Ұлытау облысында шахта опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалды.

Жұмысшылардың аты-жөні белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.