Челлендж қайда апарады?
Челлендж қайда апарады?
788
оқылды
Бас­тама көтерген жақ­сы. Қол­­дау тапса, тіпті ке­ре­­­мет. Ал қо­ғам болып жұ­­­­­­мылып, тү­бі­­не де­йін жет­­­се – игі іс. Чел­лендж – осын­­­­­дай нәти­же­ге бас­тар ж­ол. Елі­­мізде осыған де­йін түр­­лі чел­лендж баста­лып, үн­­деу жа­сал­ды. Соның бір­­­сы­пы­ра­сын тал­дап кө­ре­йік. Жалпы, челлендж сөзі қиын тапсырма, шақыру деген мағына береді. Америка зерттеушілері чел­ленджді бастаушы мен қос­тау­шының байланысы деп тү­сін­­діреді. Өйткені алғашқысы қиын тапсырма жасап, шартын бекітеді. Ал оның таралуы, таны­мал болуы – қолдаушының қо­лын­­да. Сонымен Қазақстанда соң­ғы 2 жылда қолдаушысын тап­қан бастамалардың ақыры не­мен аяқталды?  

Бізде челлендж жасағанбыз

2018 жылы шымкенттіктер музы­калық челлендж бастады. Аяз кезінде тоңбау үшін әуен ыр­ға­ғымен билеген видео желіде кең тарады. Бұл бастаманы, әсі­ре­се солтүстік өңірде тұратын жұрт қолдады. Флешмобты өнер жұл­­дыздары, журналистер мен мем­лекеттік қызметкерлер жал­ғас­­тырды. Нәтижесінде, сол қыс­та билеп жылынғандар көп бол­ды деп ойлаймыз. Ал чел­лендж ғұмы­рына келсек, әдет­те­гі­дей қысқа.
Сондай-ақ Елбасы «Сенің жаңа қырың» атауымен бастама кө­терді. Шарт бойынша белгілі бір спорт түрімен үш апта бойы ай­налысасыз. Саламатты өмір сал­тын насихаттайтын челлен­дж­ді алғашқылардың бірі болып Арыстанбек Мұхамедиұлы орын­дады. Экс-Мәдениет және спорт министрі тіпті байқау жариялап, жүлдегерге 500 мың теңге берді. Үндеудің арқасында спортпен айналысатындардың қатары кө­бейді. Қазақстандықтар 3 апта болса да денесіндегі құрыс-тұ­рыс­ты жазып алды. Сонымен, нә­ти­жесі қандай? Арыстанбек Мұ­хамедиұлы үндеуінде Елбасы Жол­дауының аясында 2020 жыл­­ға дейін халықтың 30%-ы дене­шы­­нықтырумен және спорт­пен айналысуы керегін жазды. Статистикалық мәліметтерді шол­­­ға­нымызбен, спортпен уа­қы­­тылы айналысатын ел тұр­­ғын­­дары жайлы нақты көр­сет­­­­­кішті таппадық. Есесіне, чел­­­лендж­дің желідегі ғұмырын анық­­­­тадық. Kogershin атты желі қол­данушысы күнделікті видео жүк­­­­тегендердің соңғысы. Ол атал­­ған хештегпен 2019 жылдың 1 қыр­күйегінде жазба жариялаған.
Атал­ған жылдың аяғына таман елі­мізде эпостық жырларымызды жаң­­ғыртып, ұлттық рухты көтеру мақ­сатында «Тұлпар мініп, ту алған» челленджі бастау алды. Желі­де «Алпамыс» жырын оқы­ған­дар көбейді. Бастаманы ал­ғаш­қы болып, ақын Серік Сейт­ман көтерген. Артынша Бек­жан Тұрыс қолдап, ел ағала­ры мен бел­гілі тұлғалар жал­ғас­тыр­ды. Бұл челленджді мақта­ған­дар да, даттағандар да болды. «Өт­ке­­німізді ұлықтап, ертеңімізге бағ­дар беріп жатыр» немесе «суф­лер­дан қарап бәрі оқи алады. Тым бол­маса жаттауға болады ғой» дейтіндер де табылды. «Тұлпар мі­ніп, ту алған» үндеуінің мақ­саты – бәйгенің беташарын жа­сау еді. Дегеніне жетті де. Респуб­ли­ка­лық байқауға жолдама алу үшін мектеп оқушылары аудандық, облыстық кезеңнен абыроймен өтуге тырысты. Ал танымал тұлға­лар­дың арасындағы челлендж әлі күнге жалғасып келеді. Жыр оқы­ған видеоны соңғы болып же­лі­ге Сағаділдә Үсібәлі жүктеген екен. Жырсүйерлер көнені жанғыр­тып жатса, Тұрсынбек Қабатов ескі челленджді қайта «өңдеген». Себебі 2018 жылы шымкенттіктер «Көшені қардан бірге тазартайық» акциясын ұйымдастырған. Оған дем берген – сабақтан кейін ана­сы­на ауланың қарын тазалауға кө­мектескен баланың Instagram-дағы видеосы. Артынша өзге де па­рақшада үндеу тасталып, бар­ша Қазақстан қар тазалауға кірісті. Арада 2 жыл өткенде Қа­б­атов «шымкентше вариант» жасап, «Біз біргеміз» челленджін бастады. Не десек те, әзілкештің игі бастамасы қар құрсауында қалған елорданы қардан тазалауға себі тиді. Президент бұған оң көзбен қараған соң мемлекеттік қызметкерден бастап қарапайым тұрғынға дейін қолға күрек алды. Осылайша, жол аршылып, Нұр-Сұлтан халқы кейбір компа­ния­лардың жұмысын жеңілдетті.  

Жаһандық челлендж

Челлендж ұғымы әлемге 2000-жылдардың басында тарал­ды. Алайда қолданысқа бірден ене алмады. XXI ғасырдың ал­ғаш­­қы онжылдығын түйіндер тұста «күшін» көрсетті. Сондай чел­лендждің бірі – Ice Bucket Challenge. Шарты қарапайым – үс­тіңізге мұздай су құюыңыз ке­рек. Егер орындай алмасаңыз, склерозбен ауыратындарды қол­­дай­тын қорға 100 доллар ауда­ра­сыз. Қызықты әрі сауапты тап­сыр­­маны орындауға асыққан­дар көп. Әлемге танымал жұлдыз­дар чел­ленджді жалғап, мүлтіксіз орын­даса да, қорға қаржы аудар­ды. Әйгілі челленджге Джордж Буш, Барак Обама, Билл Гейтс, Марк Цукерберг,  Стивен Кинг, Чесстер Беннингтон мен Рианна секілді атақты адамдар қатысқан. Сонымен бірге еліміздегі бірқа­тар өнер жұлдыздары да үндеуге қолдау білдірді. Қоғамға пай­да­сын тигізген чел­лендж көпке дейін шортлистте тұрды.
Сонымен бірге қауіпті, эстре­мал санатындағы челлендж де қа­тар­ға қосылды. Арты неге әкеп соқтыратынын біле тұра, орын­­­дағандар бар. Мысалы, Kiki challenge жүріп бара жатқан ма­ши­надан түсіп, жылдамдығына ілесе отыра билеуге шақырады. Жаһандық ажиотаж тудырған үндеуге Уилл Смит бастаған жұл­дыз­дар дем берді. Бірақ қауіпті екенін жазып, қайталамауын нұсқады. Адам көргенін жасаудан қаш­сын ба? қайта өршіте түсті. Сал­дарынан жол апаты, адам шы­ғыны тіркелді. Елімізде де тренд­тен қалмай челленджді «бес­ке» орындағандар жетерлік.
Челлендж жыл мезгілі сияқты. Ауа райы өзгергені секілді атауы мен форматы түрленеді. Саны жыл санап артпаса, кемімейді. Әрі пайдасы мен зияны қатар жүреді. Мәселен, «21 күн» чел­ленджі кез келгенді өзінше тәр­бие­­лейді. Зиянды әрекеттен бас­тап, таңертең оянуға дейін өзі­­ңіз­ді 21 күн шектейсіз. «Әр істің қайыры бар» еке­ні белгілі. Қандай бастама көте­ріл­се де, нәти­жесі маңызды. Сон­­дықтан челлендж бастап, мара­фон жарияламас бұрын, ертеңін «елестетіп» көрген жөн. Әйтпесе, қоғамда бастаманың тереңіне үңілмей жатып, қостай­тындар табылады.    width=Айзат АЙДАРҚЫЗЫ