Тараптар ортақ тарихи тамырлар мен дәстүрлі достыққа негізделген стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бейілділігін қуаттап, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Мұрат Нұртілеу Мажарстанның сыртқы істер министрімен келіссөз жүргізді
695
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен келіссөздер өткізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мажар министрінің осы сапары – оның Қазақстанға жетінші ресми сапары, бұл екі ел арасындағы берік әрі ұзақмерзімді қарым-қатынастардың айқын көрінісі. Осыдан он жыл бұрын П.Сийярто алғаш рет Астанаға сапар жасап, бұл оқиға қазақ-мажар байланыстарын нығайтудағы маңызды меже болды.

Тараптар ортақ тарихи тамырлар мен дәстүрлі достыққа негізделген стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бейілділігін қуаттап, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, саяси, экономикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды.