Ұлттық госпитальдің травматологтері 102 жастағы пациенттің сынған жамбас сүйегін салды.
100 жасқа жету үшін оптимизм, өмірге деген сүйіспеншілік және еңбекқорлық керек
Фото: istockphoto.com
344
оқылды

Зейнеп Әбілжанова жамбас сүйегінің  сынығымен ауруханаға түскен. Бұрын бұл зейнеткерлер үшін өте қиын жағдай болатын.  Бірақ қазір жаңа технологияларды меңгерген травматологтер барлығын, тіпті қарт адамдарды да аяғынан тұрғызады.

Операция науқаста ілеспе диагнозы болған соң күрделі болды. Операция алдындағы дайындық жүргізіп, оны емдеуге тура келді, – деді травматолог Айбек Дәуріжан. Нәтижесінде, жамбас сүйегін салу операциясы сәтті өтіп, келесі күні науқас өзі отырған.

Қарт әже өзінің егде тартқанына қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанған.  Еңбек майданының ардагері, алдымен Шу қаласында, содан кейін Алматыда жұмыс істеген. Алты бала өсіріп, немере-шөбере сүйіп отыр. Қарияның айтуынша, 100 жасқа жетуге оған оптимизм, өмірге деген сүйіспеншілік және еңбекқорлық көмектескен. Ұлттық госпитальдің травматолог дәрігерлеріне ризашылық білдіріп, ақ батасын берген әженің қазіргі жағдайы жақсы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.