Айжұлдыз Адайбекова Еуропаның ең көне әрі құрметке ие кинофестивальдерінің біріне қатысып, брендтің ұйымдастырған арнайы шарасына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қазақстандық дизайнер қызыл кілемге азиаттық стильдегі көйлек, көпқабатты атлас юбка мен гүлді жакет киіп, жарқырап шықты.
«Бірнеше күн бұрын Адайбекова «Боб Дилан: Ешкімге беймәлім» фильмінің премьерасының қызыл кілеміне шықты. Берлинде бұл байопикті басты рөлді сомдаған Тимоти Шаламенің өзі ұсынды. Оларда Айжұлдызбен ерекше «дабл-дрессинг» болғандай десе болады: олардың екеуі де салтанатты шығуға күтпеген қызғылт реңкті таңдаған», – деп жазады MarieClaire журналы.
Айжұлдыздың тағы бір берлиндік образы — Armani Beauty шарасына арналған. Марка ұйымдастырған кешке актриса пайеткалармен байсәнделген қара смокинг-көйлек таңдады.
Өзінің парақшасында дизайнер мұндай шыңды қалай бағындырғанын айтып берді.
«Жазда мен үлкен бір ойға келдім. Екі-үш ай бойы миымды ретке келтірдім. Сонда түсінгенім – өзіңнің орныңды білу. Өзіңді «супер жұлдыз» санамай, айналадағы дүниенің барлығының маңыздылығын түсіру. Өзіңді бос сезіне білу (эмоционалды тұрғыда емес). Шын жүректен құдаймен бірігу», – деді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.