Актриса өзінің парақшасында үлкен сынақтан өтіп, дос-жарандарының шынайы бейнесін көргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
«Ең алдымен алғыстан бастағым келеді…
Өздеріңізге белгілі, сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс.
Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты», – деп жазды Әбдікәрімова.
Әу бастан бұл жағдайды сынақ деп қабылдаған актриса өмірлік сабақ алғанын жасырмады.
«Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. «Не көмек?» – деп галочка үшін суық қана смс жолдағандар да болды…бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті», – деп түйді актриса.
Сөз соңында Жұлдыз ҚР Бас прокуратурасы, Астана қалалық прокуратурасы қызметкерлері мен адвокаттарға алғыс білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.