Елімізде ауа райы қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғалары көбейген. Осыған орай полиция жүргізушілерді жол үстінде барынша мұқият болуға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға қарамастан, Ақмола облысының жолдарында жол-көлік оқиғалары жалғасуда. Мәселен, Көкшетау қаласының полициясына Звоночек аялдамасының жанында жаяу жүргіншіні соғып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Hyundai Accent көлігін басқарған 49 жастағы әйелдің бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жолдан өтіп бара жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені алдын ала анықталды. Зардап шеккен студент ауруханаға сынықпен жеткізілді. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жол-көлік оқиғалары жиілеп кетуіне байланысты Ақмола облысында апаттылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды “Қауіпсіз жол” республикалық акциясы басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.