2025 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына Сейітова Күміс Қарсақбайқызы тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сейітова Күміс Қарсақбайқызы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жезқазған педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген.
2004-2023 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соңғы лауазымы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.