Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желілер мен блогерлер арасында қызу талқыға түсіп жатқан салық хабарламасы туралы пост жазды.
«Өзгелер үшін жауап бере алмаймын» – Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram sultankyzy
785
оқылды

Белгілі журналист өзінің парақшасында әлеуметтік желіде тарап жатқан сурет пен салыққа қатысты пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол ҚР Заңына сай жұмыс істеп жатқанын және салық, құжат дегендерге бей-жай қарай алмайтынын жеткізген. 

Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын, – деп жазған ол өз парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Aikyn.kz Блогерлер салық төлей ме? деген ақпарат жариялаған болатын. Ақпаратқа сәйкес, салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша, 594 тұлғаға 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер белгіленіп, «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген. Бұл салық туралы хабарламаны көптеген танымал тұлғалар мен блогерлер алған, нәтижесінде бұл тақырып қызу талқыға түсіп, әлеуметтік желіде салық төлеушілер тізімі де тараған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.