Жасанды интеллект біздің қалыпты өмірімізге етене араласып, қарқын алып жатыр.
Жасанды интеллект өнерде: Айқын Төлепберген жаңа клипін ұсынды (видео)
Фото: видеодан кадр
1,274
оқылды

Бүгін белгілі әнші Айқын Төлепберген «Жалғыз сен» әніне жасанды интеллект жасаған клипті жұртшылыққа ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Жасанды интеллект жасап берген клипті менің YouTube каналымнан қарап шығыңыздар! Бүгін караоке нұсқасын да шығарамын», – деп жазды әнші.

Жаңа клип анимация түрінде жасалған. Болашақтағы заманауи қаланы бейнелейтін бейнебаянда аспанда ұшқан көліктерді, барлық технология артықшылықтарымен жабдықталған үйді көруге болады. 

Жасанды интеллект (ЖИ) – интеллектуалдық қабілеттерді қажет ететін тапсырмаларды орындауға қабілетті бағдарламалар мен жүйелерді жасауға арналған ғылым саласы. Жасанды интеллекттің негізгі мақсаты – компьютерлік жүйелерге қоршаған ортаны қабылдауға, ақпаратты өңдеуге, шешім қабылдауға және тәжірибеден тәуелсіз үйренуге мүмкіндік беретін алгоритмдер мен модельдерді жасау.