Шығармашыл жастардың шабытын шыңдау, жастарды ақындық өнерге баулу мақсатында Жетісу облысында еліміздегі тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі құрылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Мектептің басты ерекшелігі – аудан, ауылдағы жас талаптарды танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады.
Әдебиет мектебіне шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10-сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады. Үш айға созылатын оқу бағдарламасын 200 бала оқып бітіреді деп жоспарланған.
Сабақ соңында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады. Байқау қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысы бекіткен «Ұлттық кітап күні» мерекесі қарсаңында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.