Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша соңғы мәліметтерді жариялады
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша соңғы мәліметтерді жариялады
© Сурет ғаламтордан
221
оқылды
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 15 наурыздағы мәліметтерді жариялады.
«Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас тіркелген: алматы қаласында – 4, нұр-сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Барлық санат бойынша мониторингке 2 мың 507 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 619, 1 «б» санаты бойынша – 520, 2 санат бойынша – 368 адам. Мониторингке алынған 2 мың 507 адамның 424-cіне бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 083 адамға бақылау жүргізілуде.
«Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 35 адам; 2 санат бойынша – 42 адам; 3 санат бойынша – 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады», – деп хабарлады министрлік.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.