Қостанай облысының 21 жастағы тұрғыны Ресейде тұтқындалды
Қостанай облысының 21 жастағы тұрғыны Ресейде тұтқындалды
© Сурет ғаламтордан
208
оқылды
Магнитогорскіде Қостанай облысының 21 жасар тұрғыны қамауға алынды, – деп хабарлайды ТоболИнфо. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, 9 наурызда Магнитогорск қаласында Қазақстан тұрғыны белгісіз тұлғадан 27 пакетке оралған героин сатып алған. Бес пакетті ол арнайы орындарға жасырып үлгерген. Ал қалған 22 пакетті Магнитогорскінің оң жағалау ауданының полиция қызметкерлері тәркіледі. Қыз ұсталды. Қазақстандық қыздан алынған героиннің жалпы салмағы 68 грамм. Ол өз кінәсін толық мойындады. Жастығына қарамастан, оның іс-әрекетінде қылмыстың қайталануы байқалады. Өйткені ол бұрын сегіз рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстанда ұрлық және тонау жасағаны үшін сотталды, - дейді Челябі облысы прокурорының БАҚ-пен байланыс жөніндегі аға көмекшісі Наталья Мамаева. Оның мәліметінше, қыз өткен жылдың қаңтарында түрмеден шыққан. Ал қазан айында Қазақстанда кезекті қасақана қылмыс жасағаны үшін оған шартты түрде сотталған. Басылымның мәліметтері бойынша Магнитогорскіде тұтқындалған қыз Қостанай облысы Таран ауылының тумасы. Тұрмыс құрмаған, наркологиялық диспансерде есепте тұр. Еш жерде ешқашан жұмыс істемеген. Магнитогорскіде заңсыз тұрған. Магнитогорск қаласының оң жағалау аудандық соты қызды қамауға алды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Наталья Мамаева атап өткендей, Қазақстан азаматы есірткі тасымалдағаны үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, бір миллион рубльге дейінгі айыппұл (шамамен алты миллион теңге) салынады.