Ақтөбе облыстық прокуратурасы миллиондаған бюджет қаржысын жымқырған спорт мектебінің екі директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Прокуратураның мәліметінше, екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтері үшін алынған бюджетке тиесілі қаражатты негізсіз иемденген.
Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған. Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық істі тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.
10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша сотқа жолданды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.