Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық теннисші ширек финалда америкалық София Кенинмен кездесті. Нәтижесінде, отандасымыз қарсыласын 6:2, 7:6(7:2) есебімен жеңді.
Елена Рыбакина енді турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік теннисші Мира Андреевамен күш сынасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.