Бүгін Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барды.
Геннадий Головкин төлқұжатын ауыстырды
Фото: olympic.kz
14,273
оқылды

IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин Халыққа қызмет көрсету орталығына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz gov4c.kz ақпаратына сәйкес.

– Аты аңызға айналған Геннадий Головкин елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Ол төлқұжатын ауыстыру үшін алдын ала онлайн жазылды. Чемпионды Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының өзі қарсы алды, – делінген ХҚКО ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Фотоскрин gov4c.kz/kz парақшасынан

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.