Кеңес кезеңінің дүрілдеп тұрған шағында Сыр өңі­рінде көптеген жасырын әскери нысандар жұмыс іс­теді. Әсіресе, Арал өңірі мен Байқоңыр ғарыш ай­лағы аумағында аса құпия мақсаттағы жабық әскери қалашықтар аз болмады.
Құм қойнауындағы құпия
1,539
оқылды

Ол уақытта әскери қалашық­тар­дың нақты қандай тапсырма­мен айналысқаны жұртшылыққа бей­мәлім болды. Өйткені құпия ны­сандардың сырты темір қор­шау­мен қоршалып, ұдайы күзет­пен бақылауға алынды. Бөгде адам­ға кіруге қатаң тыйым салынды.

Бір ғана Арал аумағында бір­не­ше әскери базалар көпке беймә­лім тапсырмаларды жүзеге асы­ру­да белсенді жұмыс істеді. Соның сал­дарынан, теңізді аймақтың ма­мыражай табиғатын ластады. Экологиялық зардабын арттырды. 

Сол уақытта теңізі арнасынан асып, шалқыған бұл аймақта 1 100-дің үстінде аралдар тобы ор­­наласыпты. Соның ішінде теңіз айналасының өзінде 300-ден аса арал­дар болған екен. Мұның ара­сын­да Көкарал, Возрождение, Бар­сакелмес сынды орындар ең ірі аралдар тобына жатқызылған. Міне, сол уақытта бұл жерлер әс­кери қалашықтарды орна­лас­ты­рып, аса құпия тапсырмаларды орын­дауға таптырмас орын болып саналған. Тіпті, күні кешеге дейін бұл аралдар картаға да түсірілмей, сырт көзден құпия сақталып кел­ді. 

Бертін келе, тұрғылықты ха­лық­қа алдымен теңіз ортасында ор­наласқан «Возрождение» әске­ри базасының ақиқаты ақтарылды. Бұл жасырын мекенде 1980 жыл­дар­дың соңына дейін бірнеше құ­пия кодты атаумен биологиялық қарудың жасырын сынағы жүр­гі­зіл­ген екен. Оны «Арал-7», «Бар­хан» жә­не «Пниль-52» әскери ны­сан­да­ры жүзеге асырғаны жайын­да қауе­сет желдей есті. 

Негізі, Арал аумағындағы бұл әс­кери нысанның қуатты поли­гон­ға айналуы 1936 жылдан бастау ала­ды. Нақтысы, сол жылы Арал өңі­рі Сталиннің бұйрығымен Қы­зыл Армияның ғылыми-меди­ци­налық институтына пайдалануға беріледі. Сол кезден бастап про­фес­сор Иван Великанов бастаған ғы­лыми құрам Аралға келіп, құ­пия әскери қалашықтар бой тү­зе­ді. Теңіз айналасы арнайы ке­ме­лер­мен, ұшақтармен қамтамасыз етіл­ді. Ғылыми топ алдымен мик­роорганизмдердің таралуын ба­қы­лайтын тәжірибелер жүр­гізеді. Кейіннен 1952 жылдан бастап бұл орын «Арал-7» атауымен бакте­рио­­логиялық қару сынайтын по­ли­гон ретінде қайта қүрылады. Осы кезден бастап, қазақ даласы, Сыр аспаны сынақ алаңына айна­лып шыға келді. Алайда бұл по­ли­гонның адам ағзасына, қоршаған ортаға қауіпті екені көпшілікке жария болмады. 

Дерекке сәйкес, сол жылдары Арал аумағында 4 жабық әскери қа­лашық белсенді жұмыс жү­р­гіз­ген. Атап айтқанда, Аралдың оң­түс­тігінде «Бархан» биохимиялық по­лигонымен байланысты «Арал-5», солтүстік-батысында зымыран әскерімен қамтылған «Арал-6» (Чайка), сондай-ақ Возрождение ара­лындағы «Қантүбек» деп ата­ла­тын «Арал-7» және авиациялық эскадрильямен жұмыс жасаған «Арал-8» (Березка) әскери қа­ла­шық­тары құпия тапсырмаларды орын­даумен айналысқан. Сол ке­зеңде Арал өңірінің әскери қа­ла­шыққа айналуымен жергілікті жұртшылық тылсым құбылыс­тар­ға жиі куә бола бастайды. Тіпті, өз жерінде емін-еркін жүру қиындап, әскерилердің қысымына ұшы­ра­ды. 

«Сол кезеңдегі көріністің бәрі бүгінде аңыз-әпсана болып кө­рі­не­ді. Арал өңіріндегі Сексеуіл кен­тінде тұрған жездемнің осын­дай құпия нысандарға қатысты бір оқиғасын құлағым шалғаны бар. Ол уақытта теңіз ұлтанынан ауыл халқы мал азығы және отындық мақсатында шөп шауып тұрады. Бірде жездем бірнеше ауылда­сы­мен бірге мотоциклімен тау қол­ты­ғына, яғни бөгде адамға кіруге тыйым салынған аумаққа өтіп ке­тіпті. Сол мезетте іздерінен ар­найы көлікпен әскери қызмет­кер­лер келіп, көздерін байлап, бей­мә­лім орынға алып кетеді. Сол жер­де бұларды ұзақ тергеп, осы жер­дің тұрғылықты халқы екенін анық­тағаннан кейін ауылдарына әке­ліпті тастаған екен. Ел ішінде осы секілді көптеген таңсық жәйт­тердің куәсі болған жандар аз емес. Алайда өңірде 40 жылдан ас­там жасырын жұмыс жүргізген әс­кери қалашықтардың бізге бей­мәлім құпиялары әлі күнге дейін ақтарылмай келеді», – дейді өңір тұрғыны Айжарық Ерәлиев.

Жалпы, өңірдегі елді мекендер хал­қы сол кезеңде осы сияқты оқи­ғаларға жиі ұшырасып отыр­ған. Сол кездері әскерилермен бетпе-бет ұшырасып, ұзақ уақыт тергеуге алынғанын айтып жүрген жандардың қарасы қалың. Әсіре­се, белгісіз бағыттан ұшып келе­тін ұшақтардың сол маңдағы таудың арасына кіріп, көзден ғайып бола­тыны жайында жиі айтылады. 

«Ол уақытта біздің ел жақта «Мер­генсай» деп аталатын ауыл бо­латын. Сол маңды әскерилер мен­шіктегеннен кейін халықты жаппай «Жалаңаш» дейтін ауылға көшірді. Мергенсайға жабық әс­ке­ри қалашық тұрғызылды. Сол қа­­­лашықтың арнайы тыйым са­лын­ған аумағына өтіп кеткендерді қа­мап тастайтын еді. Бала кезі­міз­де талай мәрте ұшақтар ұшып ке­ліп, сол маңдағы таудың арасы­на сіңіп, жоғалып кететініне куә бол­дық. Нақты айтқанда, шың­ның астына кіріп кетеді. Бірақ оның сыры бізге сол күйі беймәлім бо­лып қалды», – дейді өңірдің та­ғы бір тумасы Аязби Умаров. 

Ел ішінде «Көктау» деп аталған бұл таудың құпиясын анық білетін тұрғындар болмаса да, түрлі жора­малдар айтылып жүрді. Бірі тау етегінде құпия нысан орналас­қа­нын тілге тиек етсе, екіншісі тау іші­­нен ангар салынған болуы мүм­кін деп топшылайды. Бір бел­г­і­лісі, сол аймақта жоғарыда ай­тып өт­кеніміздей, авиациялық эс­кад­рильямен байланысты «Арал-8», яғни «Березка» әскери қалашығы болғаны дәлелденіп отыр. 

Осы мақаланы дайындау ба­ры­сында сол уақытта аталмыш Мер­генсай маңындағы әскери ба­зада азаматтық борышын өтеп, та­лай құпияның сырына қанық бол­ған өңірдің байырғы тұрғыны, бүгінде Ақтөбе облысында тұра­тын Болатбек есімді азаматты тауып, тілдесудің сәті түсті. Оның ай­туынша, әскери қызметте жүр­ген кезінде Капустин яр поли­го­ны­нан ұшырылған баллистикалық зымырандардың талай мәрте атып түсірілгенін көзбен көрген екен. Сол сияқты түрлі құпия тапсыр­ма­лардың орындалу сәтінің куәсі бо­лыпты. 

«Арал өңірінің тумасымын. Сол заманда өңірдегі «Березка» ата­латын нысанда әскери мін­де­тім­ді өтедім. Сол арада ғарыш са­ла­сы бойынша техник болып, аза­маттық борышымды атқардым. Бала кезімізден ұшақтардың тау ішіне кіріп кететіні жайында алып-қашпа әңгіме жиі айтылып жүрді. Бірақ бұл шындыққа жа­наспайды. Алайда Астрахань об­лы­сындағы Капустин яр полиго­ны­нан ұшып шыққан бал­лис­ти­ка­лық зымы­ран­дарды Арал теңізі үстінен атып түсірген сәттеріне талай куә бол­дық. Өзіміз сол уақытта пилотсыз ұшақтарды ұшырып тұрдық. Сол маңда бір кездері ангар болғаны рас. Бірақ «тау ашылып, жабы­дады, ішінде ангар бар» деген сөз­дер – бос дақпырт. Өзімнің көз­бен көрген ақиқатым – осы», – деп түсіндірді Болатбек Көзі­баев. 

Жалпы қолда бар дерекке сәй­кес, сол кезеңде Арал маңында бел­сенді жұмыс жүргізген «Чайка» әс­кери қалашығы стратегиялық зы­мыран күштеріне тиесілі болды. Не­гізгі әскери міндеттер осы Чай­ка әскери нысанында атқарылған екен. Ал аэродром қызметкерлері, әс­керилер «Арал-8», яғни «Бе­рез­ка» әскери қалашығында қоныс­та­ныпты. Біз тілге тиек етіп отыр­ған Мергенсай елді мекені ау­ма­ғында орналасқан бұл әскери қала­шық­тың адам денсаулығы мен қор­ша­ған ортаға зардабы орасан болған. Қү­пия нысан 40 жылдай жасырын түр­де жұмыс жүргізіпті. Полигон­да ең алғашқы жарылыс 1956 жы­лы тіркелген екен. Содан бермен өңір­де ұзын саны 8 жарылыс орын ал­ғаны туралы ақпарат айтылады. Бұл бізге белгілі болғаны ғана. Ал әлі күнге дейін сыры ашылмай, құ­пия құжаттарда қатталып жат­қан деректер қаншама?! 

Жергілікті жұртшылық адам­зат тағдырына аса қауіпті «Воз­рож­­­­­дение» аралымен қоса, бір кездері Еділ бойындағы Капустин ярдан ұшып жеткен баллистика­лық зымырандардын жарылы­сы­нан туындаған зардапты әлі де се­зінетінін айтады. Тұмса таби­ға­ты мен теңізінен айырылған Арал өңірі халқы түрлі індеттердің ас­қынуы сол кездері жүргізілген жа­­­­сырын сынақтардың әсерінен деп түсінеді. 

Жалпы, Кеңес заманында теңіз маңын мекендеген әскери қа­лашықтардың бізге беймәлім та­лай құпиясы әлі де ақтарыла жа­тар. Бірақ жергілікті жұрт­шы­лық жасырын сынақтардың зар­дабын қай кезге дейін тартатыны бір Аллаға ғана аян. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы