Мұндай әрекет үшін 5-тен 10 негізгі есептік бірлікке дейін айыппұл қарастырылған.
Баласын заңға қайшы әрекеттермен дінге баулыған ата-аналар жазаланады
Фото: istockphoto.com
2,334
оқылды

Өзбекстанда балалардың тәрбиесі мен діни білім беру мәселелеріне қатысты жаңа заң күшіне енді. Бұл туралы елдің Әділет министрлігі хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.

Жаңа заңға сәйкес, ата-аналар немесе олардың орнын басатын адамдар биліктің рұқсатынсыз балаларға діни білім берсе, жауапкершілікке тартылады. Мұндай әрекет үшін 5-тен 10 негізгі есептік бірлікке дейін айыппұл қарастырылған. 2025 жылдың ақпан айындағы есеп бойынша бұл шамамен 1,8 миллионнан 3,7 миллион сумға тең. 

Заңбұзушылық қайталанған жағдайда жаза қатаңдатылып, айыппұл мөлшері 10-нан 15 негізгі есептік бірлікке дейін (3,7 миллионнан 5,6 миллион сумға дейін) өседі немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылады.

Заң балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Дегенмен ата-аналарға өз сенімдеріне сәйкес балаларын тәрбиелеуге тыйым салынбайды. Ең бастысы, мұндай тәрбие заңсыз діни оқытуға айналмауы тиіс.

Әділет министрлігі заңда рұқсат етілген және тыйым салынған әрекеттерді нақты анықтау үшін қосымша өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Жаңа талаптар ата-аналармен қатар, баланың ресми қамқоршыларын да қамтиды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»TELEGRAM арнасынан табасыз.