Санкт-Петербургте 15 жастағы қызын шаш бұйралағышпен күйдірді деген күдікпен 39 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы «Фонтанка» басылымы хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.
Оқиғаға байланысты Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Күдікті қала орталығындағы коммуналдық пәтерде ұсталған. Оның сұлулық салонында жұмыс істейтіні белгілі.
Тергеушілердің мәліметінше, отбасында ұрып-соғу қалыпты жағдайға айналған, анасының қызына қол көтеріп жүргеніне бірнеше жыл болған. Жәбірленуші соңғы рет анасы оны тек ұрып қана қоймай, қыздырылған шаш бұйралағышпен күйдіргенін айтқан.
Мектеп оқушысы отбасында үш бала бар екенін айтып, олар нашар баға алғаны үшін кешкі астан қағылатынын, оған қоса бауыры үшін де таяқ жейтінін баяндаған. Қазір бойжеткен әлеуметтік мекемеге орналастырылды.
Прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Санкт-Петербург пен Ленинград облысының полициясы күдіктінің екі тәулікке қамауға алынғанын растады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.