Қазақстанда тағы екі адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
"Бүгін таңертең сегіз науқас тіркелді. 1959 жылы туған әйел Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Ол бұрын ауруханаға жатқызылған пациенттің жұбайы, яғни жақын байланыс санатынан. ОларМәскеуден келген бойда дер кезінде оқшауланды. Барлық жақын байланыста болған адамдар анықталған және оқшауланған. Жақын байланыстар ішінде тек бір адамда расталды.
Екінші науқас – 1995 жылы туған ер адам. Алматы - Сеул рейсімен келді. Осы рейстен Қазақстаннан транзитпен ұшып кеткендерді қоспағанда, барлық жолаушылар инфекциялық стационарға жатқызылды. Оның ішінде жақын байланыста болғандар да бар. Қазіргі уақытта тиісті диагностикалық іс-шаралар өтуде. Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда сегіз пациент ресми түрде тіркелген", - деді Біртанов.
Соңғы деректер бойынша, 1400-ден астам адам стационар карантинінде, 545 адам үй карантиніне жабылған.