Құтқарушылар инкассация көлігіне көмекке барды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысының Алға ауданында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолының 43 шақырымында инкассаторлық автокөлік қар құрсауында қалған.
Құтқарушылары қар құрсауынан инкассаторлық автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып алды.
Зардап шеккендер мен медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз