Қостанай облысында төтенше жағдайлар қызметі қар құрсауында қалған 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды, –деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Амангелді ауданында, Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде, «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ қызметкерлері көмекке келді. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ 8 жеңіл автокөлік қардан тазартылған жолға сүйреп шығарылды», – делінген ведомство хабарламасында.
Сарыкөл ауданында, Соналы ауылынан 5 шақырым жерде, «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында ТЖМ қызметкерлері қарға батып қалған 2 адам мінген жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған бөлігіне шығарды.
Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.