Қаламгермен қоштасуға келгендердің қарасы қалың.
Алматылықтар Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды
Фото: Нұрболат Адырбек
2,375
оқылды

Бүгін алматылықтар қазақтың белгілі жазушысы, драматург, Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековпен қоштасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоштасу рәсімі Жазушылар одағында өтті. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізген қаралы жиында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.

«Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді. Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүниежүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген көңіл айту хатында.

Сондай-ақ Премьер-Министр Олжас Бектеновтің, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, облыс әкімдерінің көңіл айту хаттары табыс етілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.