Ол бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен болатын.
Павлодарда жоғалған кәсіпкер өлі күйінде табылды
Фото: Павлодар полиция басқармасы
1,132
оқылды

Павлодарда 42 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады, – деп жазады Аikyn.kz

Марқұмның денесінің қандай жағдайда табылғаны белгісіз. Бар білетініміз, Нұрмағамбетов Асұлан Хамитұлы (1972 жылы туған) 21 ақпанда ақ түсті Toyota Camry 50 көлігімен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.

Із-түзсіз кеткен кезде қара көк түсті күрте, қара джинсы шалбар мен сұр қалпақ киген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.