Астанадан Ақтауға ұшқан FlyArystan әуе компаниясының FS 7375 рейсі ұшу кезінде борттағы өртке байланысты елордаға қайта оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2025 жылдың 23 ақпанында Астана-Ақтау бағытындағы рейс барысында жолаушының рюкзагы әуе кемесінің үстіңгі багаж бөлімінде өртенді», – деп мәлімдеді FlyArystan баспасөз қызметі.
Әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, өрт жылдам сөндірілген, бортта барлығы 182 жолаушы болған.
«Ұшақ әуежайға қалыпты режимде қонды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Рейс Астана уақытымен сағат 17:10-ға ауыстырылды», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.