Желіде әуежайда түсірілген видео тарады.
«Сингапур әуежайы дерсің»: Алматы әуежайын тағы су басты
658
оқылды

Алматы әуежайының жаңа терминалында жолаушылар күтпеген жерден төбеден аққан судың астында қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, онда күту залының төбесінен судың ағып жатқанын көруге боладя

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, су басуға 1-терминал мен 2-терминал арасындағы резервтік құбырды сынау себеп болған.

«Байланыстардың бірі үзіліп, кенеттен су тасқыны болды. Жағдай тез бақылауға алынып, ағып кетудің салдары қысқа мерзімде жойылды. Бұл оқиға әуежайдың жұмысына әсер еткен жоқ және жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеді», – деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.

Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды қалжыңсыз қалдырмады. Кейбіреулер жаңа терминалды «Алматы аквапаркі» деп атауды ұсынса, енді біреулері жолаушыларды алда тағы қандай «тосынсыйлар» күтіп тұрғанын болжай бастады.

Айта кетейік, 2024 жылдың жазында да Алматы әуежайының жаңа терминалы жаңбырдан кейін су астында қалған еді.