Ата-анасы қызын іздестіріп жатыр.
Прагада қазақстандық қыз жоғалды: оны соңғы рет хостелде көрген
Фото: скриншот
955
оқылды

Чехияда Қазақстан азаматы Ульяна Радина із-түзсіз жоғалып кетті. Ол 16 ақпаннан бері байланысқа шықпаған, қайда екені белгісіз. Туыстары оны көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін адамдардан көмек сұрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Salempraha Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ульяна соңғы рет Прагадағы Capsule Hostel Anděl-де (Врчликехо 288/14) ғимараттың екінші және соңғы қабатында көрінген. Содан кейін оның ізі мүлде жоғалған.

Қызбен байланыс кенет үзілген – телефоны сөндірулі, хабарламаларға жауап бермейді, ал банк картасы мүлде пайдаланылмаған. Оның жоғалғанынан бері бірде-бір қаржылық транзакция тіркелмеген.

Туыстары мен таныстары Ульяна туралы кез келген ақпаратқа ие адамдардан көмектесуді сұрайды. Анасының нөміріне +7 777 225 2555 хабарлассаңыздар болады.