Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов әлем чемпионының қазіргі жағдайы жайлы айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бұл жайлы бапкер «Айқын» газетіне берген сұхбатында айтты.
Аслан Шымбергенов – қазір демалыста. Жақында өткен Қазақстан чемпионатына қатыса алмады, сондықтан ұлттық құрама сапында жоқ. Дегенмен өзі ішкі жарыстарға қатысуға дайын екенін айтып, қызу дайындық жүргізіп жатыр. Егер өзін жақсы көрсетсе, қайта оралуы мүмкін, – деді бапкер.
Асланбек Шымбергенов Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), Азия чемпионы (2022), Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017) және екі дүркін вице-чемпионы (2013, 2018), әуесқойлар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисті. Жартылай кәсіпқой «Дүниежүзілік бокс сериясының» екі дүркін чемпионы (2015, 2017). Қазақстан Республикасының әуесқой бокстан ұлттық құрамасының капитаны болған.
Сұхбатты толық оқыңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз