Бұл жайлы бапкер «Айқын» газетіне берген сұхбатында айтты.
Лос-Анджелес Олимпиадасында бірнеше алтын медаль алуға мүмкіндігіміз бар – Қайрат Сәтжанов
olympic.kz
1,230
оқылды

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов келесі Олимпиадада бірнеше алтын медаль алуға мүмкіндік бар екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Бұл жайлы бапкер «Айқын» газетіне берген сұхбатында айтты.

«Өкінішке қарай, екі Олим­пиада қатарынан бокстан алтын медаль ала алмадық. Бұл, әрине, біз үшін үлкен өкініш. Бірақ бұл жағдайға бізді мойымаймыз.

Себептеріне келер болсақ, бір­неше факторды атап өтуге бо­лады. Біріншіден, бәсекелестік кү­шейіп келеді, басқа елдердің бок­сшылары да өте жоғары дең­гейге көтерілді. Екіншіден, төре­ші­лік мәселесі де өз әсерін ти­гіз­ді. Кей жағдайларда біздің бок­сшылар лайықты жеңіске же­те алмады. Үшіншіден, кей сал­мақ дәрежелерінде буын ал­масу процесі жүріп жатыр, яғни тә­жірибелі боксшылардың ор­нын жаңа толқын алмастыруда.

Дегенмен қазіргі құрамамыз бұл жағдайдан сабақ алды. Лос-Анджелес Олимпиадасында біз тек бір ғана емес, бірнеше алтын медаль алуға толық мүмкіндігіміз бар. Қазір құрамамыздағы жігіт­тер тыңғылықты дайындалып жа­тыр, әр салмақтағы бокс­шы­ла­рымыз өздерін көрсетіп, аян­бай тер төгуде.

Ең бастысы – сенім мен жүйе­лі дайындық. Бізде әлемдік дең­гейдегі тәжірибелі боксшылар бар, олардың Олимпиадада ел үмі­тін ақтауға дайын екенін біле­міз. Сондықтан Лос-Анджелесте Қа­зақстан боксы алтын дәстүрін қай­та жалғастырады деп сене­мін», – дейді бас бапкер.

Сұхбатты мына жерден толық оқи аласыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз