Бүгін Тараз қаласындағы пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт тұтанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, от 15 шаршы метр алаңды шарпыды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, 100 литрлік 15 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Өрттің таралуына жол бермей, толығымен сөндірді.
Өрт салдарынан жану өнімдерімен уланған 1972 жылы туған ер адамға Апатттар медицина орталығының мамандары көмек көрсетті. Зардап шегуші ауруханаға жатудан бас тартты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз