Евгений Кошкин алтын медаль жеңіп алды
Польшада қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді
olympic.kz
771
оқылды

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз