Қазақстандықтар үш медальді блокты садақ ату жарысында жеңіп алды. 
Азия кубогы: Қазақстан садақ атудан үш медаль жеңіп алды
ҰОК баспасөз қызметі
610
оқылды

Бангкокта өткен Азия кубогы кезеңінде садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшылары үш медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Біздің мергендер үш рет күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Барлық үш медальді блокты садақ ату жарысында жеңіп алды. 

Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.

Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.

Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.