Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауапқа тартылды.
Алматыда онкологиялық дертке шалдыққан науқастар тиісті жәрдемақысын ала алмаған
Фото: istockphoto
322
оқылды

Алматы қаласының прокуратурасы онкологиялық дертке шалдыққан азаматтардың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық прокуратура өкілдері медициналық мекеме басшылары онкологиялық ауруы бар науқастарды кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырғанын анықтады.

- Онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған. Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І топ мүгедектігі берілді, - делінген Алматы қалалық прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.