Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Екі облыста бірнеше жол учаскесі жабылды
264
оқылды

24 ақпан күні сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы «ҚазАвтожолдың» баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қостанай облысы:

  • «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысы:

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
  • «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы – Бұзылық ауылы);
  • «Жезқазған – Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы – Сұрған ауылы).

Жол учаскелерін 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.