Көлік министрлігі биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) «Boeing 737-800» және «Boeing MAX 8» типті әуекемелерінде орындалады.
Әуеқатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
Тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр, - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.