Бұған дейін Ержан Естаев Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры қызметін атқарған.
Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры тағайындалды
Фото: gov.kz
1,186
оқылды

 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Ержан Естаев Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ержан Есімханұлы Естаев 1983 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Семей университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы (бакалавр) бойынша, сондай-ақ Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітіріп, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Қаржы» мамандығын бітірген.

2004-2006 жылдары Семей қаласында №5 мектеп-интернатында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы;

2006-2007 жж. Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде дене шынықтыру және спорт мұғалімі;

2007-2009 жж. Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;

2009-2014 жж. Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша №2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

2014-2015 жж. Семей қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары;

2015-2022 жж.  Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;

2022-2023 жж. Абай облысының  Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары;

2024 ж. қаңтар-2024 ж. мамыр «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директордың қаржы және ұйымдастыру қызметі жөніндегі орынбасары (директордың м.а.).
2024-2025 жж. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.