Алтай өлкесіндегі елді мекендердің біріндегі азық-түлік дүкенінде бәз біреу 23 жастағы бойжеткенге кәмпит ұсынған,- деп хабарлайды Aikyn.kz «РЕН ТВ» арнасына сілтеме жасап.
Қыз ұсынылған тәттіден дәм татып, ауруханадан бір-ақ шықты. Тәттіден жағдайы нашарлаған қыздың уланғаны белгілі болды.
Ауруханада оған белгісіз заттан улану диагнозы қойылды. Әзірге қыздың жағдайы туралы ақпарат берілмеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.