Қазір күнделікті өмірде әлеуметтік аударымдарды қателесіп басқа адамға аудару немесе ақша көлемін тиісті мөлшерден артық аударып қою жағдайлары жиі кездеседі. Әдетте, бұл адами фактордың әсерінен, яғни деректерді қате енгізу салдарынан болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осы ретте Қазақстанның электронды үкімет порталы мамандары eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасында қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтініш беруге болатынын мәлімдеді.
– Бұл қызметке жеке кәсіпкер саналатын заңды және жеке тұлғалар (бір өтінімде 20 қызметкерге дейін көрсетіп) өтініш бере алады, – делінген ақпаратта.
Бұл қызметті қолдану үшін eGov.kz порталындағы «Азаматтарға» – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөліміне өту қажет.
Ал eGov mobile қосымшасында «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» бөліміне өтіп, қызметке өтінім беруге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.