«Нұрикамал» фильмінде басты рөлді сомдаған Фариза Ескермес киноиндустриядағы ащы шындықты бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Журналист кино тұсаукесерінде актрисадан телехикая үшін алған гонорарын сұрады.
«Шерханнан сәл төмен... Оның тапқаны 6-7 миллион болса, менің ақым одан біраз төмен екен ғой. Өкінішке қарай, біздің қазақстандық актрисалар актерлерге қарағанда анағұрлым аз ақша алады. Дискриминация бар. Осыған жаным ашиды», – деді актриса.
Сонымен қатар ол фильм түсірушілер актрисалардан жиі жеңілдік сұрап, аз ақша ұсынатынын, актриса келіспесе, басқа қызды алуға дайын тұратындарын жасырмады.