Шымкент қаласының тұрғыны Арыстың орталық базарына барып, осындай видео түсірген. Полицейлер видео авторын бірден анықтап, оны жауапқа тартты, – деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлерге берген түсініктемесінде қазір ол жасаған ісіне өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұрады.
«Тауарға таласып жатыр деп жалған ақпарат бергенім үшін, Арыс қаласынан және Қазақстан азаматтарынан кешірім сұраймын. Мен өз қателігімді түсініп, басқа да азаматтарға осындай қателікті болдырмауын сұраймын», – деді ол.