Елордада салынып жатқан перинаталды орталықтың құрылысы 2027 жылы аяқталады.
Астанада жаңа перинаталды орталық салынады
Фото: gov.kz
237
оқылды

Демографиялық есептерге негізделген халық санының өсімі ескеріле келе Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада өткен жылы перинаталды орталық салу жобасын жүзеге асыру басталды. Құрылысты «Самұрық-Қазына» АҚ қаржыландырады, - деп хабарлайды Aikyn.kz  Астана қаласының әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінде «Самұрық-Қазына» қоры есебінен Сарыарқа ауданында перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қала әкімдігі денсаулық сақтау нысандарының құрылысына жеке инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Биыл екі толыққанды жеке клиника (Нұрлыжол және Хусейн Бен Талал теміржол вокзалдарының ауданында) пайдалануға беріледі. Ал алдағы үш жылда инвесторлар есебінен тағы екі емхана салынады», – дейді ведомство басшысы Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ ол елордадағы ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту туралы айтты. Осылайша, 2024 жылы қаладағы медициналық ұйымдарға 435 бірлік
медициналық жабдықтар сатып алынды. Биыл қаладағы ауруханалар мен емханалар үшін 336 бірлік медициналық жабдық сатып алу жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.