Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жанқош Тұраровтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Боксшының әйелі Клара Иса осы дауға қатысты оқырман сұрағына жауап берді.
“Анау әйел не болды, зорлады деп экранға шыққан?” – деп сұрақ қойды желі қолданушысы.
“Жала жапқаны үшін сотталайын деп жатыр”, – деп жауап берді блогер.
Алайда Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
«Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр», – деп жазды Ләззат Ахатова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.