Мемлекет басшысының өкімдерімен ауыс-түйістер орын алды.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры ауысты
Фото: akorda.kz
766
оқылды

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары мен Мемлекеттік басқару академиясының ректорын тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен: Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.