Қазір Санжар Тәшкенбайға дәрігерлер көмек көрсетуде.
Странджа кубогы: Санжар Тәшкенбай жарақат алып, мерзімінен бұрын жеңілді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
854
оқылды

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогында жеңіліске ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде рингке шыққан қазақстандық боксшы ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жекте бірінші раундта нокдаунға түсті.

- Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында қолын жарақаттады. Осы себеппен кездесу алғашқы раундта тоқтатылып, жеңіс қарсыласқа берілді. Қазіргі уақытта Санжарға дәрігерлер көмек көрсетуде, – деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.