Жол учаскелерін 2025 жылғы 28 ақпанда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Үш облыста жол қозғалысы шектелді
Фото: istockphoto
310
оқылды

Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңғыстау облысы:

  • "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" автожолының 332-642 шақырым аралығы (Бейнеу а. - Шетпе а.) және 642-786 шақырым аралығы (Шетпе а. - Ақтау қ.);
  • "Ақтау-Құрық" автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қ. - Құрық а.).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 720 арнайы техника мен 1734 маман жұмылдырылды.

Ақтөбе облысы:

  • «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қ. - Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы:

  • «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).

Жол учаскелерін 2025 жылғы 28 ақпанда сағат 06:00 ашу жоспарланған.