Оның себебі ретінде әнші өзінің ақкөңілдігін, әлеуметтік желідегі образын алға тартады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Менің ақкөңілдігім құртты бәрін. Мен әзілге саламын ғой. Бір Астанада жүретін үлкен ағаларымыздың бірінен сұрадым: «Сендер мені он жыл бойы алдап келдіңдер ғой, қанша рет тегін көмек беріп едім, сондықтан маған қағаз толтырып, құжаттар жинамай-ақ неге бермедіңдер?». Сонда айтқан жауабы: «Сенде, инстаграм парақшаңда бір іліп алар, салмақты дүние жоқ қой», – деді әртіс.
Нұрлан Еспанов жеке парақшасын коммерциялық мақсатта қолданатынын, сол арқылы табыс тауып отырғанын, әртістің еңбегі онымен өлшенбейтінін алға тартты.
Желі қолданушылары мұндай мәлімдемеге екі түрлі ой білдірді: бірі – әртісті қолдаса, екіншілері – оны лайық көрмеді.
«Фотоға түскісі келмей, халықтан қашқан адамға қандай атақ?!», «Нұрланның ренжитіні бар, оның қасында кеше шыққан жас әншілер алып жатыр», «Қандай еңбегі үшін ол атақты алу керек?» – деп жазады пікір білдірушілер.