ТЖМ құтқарушылары 200 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды.
Маңғыстаулық құтқарушылар 200 адамды қар құрсауынан  құтқарды (видео)
Видеодан скриншот
590
оқылды

Маңғыстау облысында құтқарушылар жолға шығып, қар құрсауында қалып қойған 200 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа райының нашарлауына байланысты қар құрсауында бірнеше автокөлік тұрып қалған.

ТЖМ құтқарушылары 200 адам мінген 71 көлікті сүйреп шығарды. 

Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.