Бұл мүлде күтпеген нәтиже болды. Өйткені Дусматов - екі дүркін Олимпиада чемпионы.
Сенсация! Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен бітті
Фото: buzb.uz
5,311
оқылды

Бүгін, 27 ақпанда Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов бірінші жекпе-жегін өткізді , – деп хабарлайды Aikyn.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

54 келіде өнер көрсететін өзбекстандық боксшы жарысты 1\4 финалдан бастап, франциялық Гипократ Кристовермен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті франциялық боксшыға берді. 

Бұл мүлде күтпеген нәтиже болды. Өйткені Дусматов - екі дүркін Олимпиада чемпионы. Ал бұған дейін Дусматовпен финалда айқасқанын көреміз деген қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан да жекпе-жекке шығатын күні жұдырықтаса алмайтыны белгілі болды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.