Төрехан Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогының жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан боксшысы ширек финалда грузин спортшысы Лаша Гагнидземен жұдырықтасты. Ересектер арасындағы турнирде бақ сынап жатқан отандасымыз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
Төрехан Сабырхан қарсыласының әлсіз тұсын таба білді. Есеп – 5:0.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.